Ерекшеленген қазақстандықтар. Сайлауға кім қалай барды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Елорданың бірқатар сайлау учаскесіндегі белсенділік туралы жаздық. Ал сайлауға келгендердің арасында ерекше көзге түскендер де бар.
Әлеуметтік желілерде сайлау учаскесіне бір топ көкпар ойыншысының атпен келіп, дауыс бергені жарияланды. Көкпаршылар азаматтық белсенділіктерін ойын барысынан кейін де ұмытпаған.
Біз көкпаршылар атынан сайлауға ерекше, дәстүрлі түрде жылқымен келдік. Барша қазақстандықты сайлауға қатысуға шақырамыз. Тәуелсіз еліміз гүлдене берсін, - дейді олар.
Айта кетейік, осы уақытқа дейін Премьер-министр Асқар Мамин, ҚХП төрағасы Айқын Қоңыров, Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Президент аппаратының басшысы Ерлан Қошанов, «Ауыл» партиясы төрағасы Әли Бектаев, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, ADAL партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, белгілі спортшы Ольга Рыпакова мен Жазира Жаппарқұл өз таңдауын жасады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сайлау процесі заңдылығының сақталуын қадағалау жалғасуда
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы