Эпидемиолог: Әр жаңа мутациямен ауру ағымының өзгеруі алаңдатады
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚДСЖМ эпидемиология және дәлелді медицина кафедрасының доценті Рафаиль Қыпшақбаев айтты.
Оның айтуынша, әр жаңа мутациямен вирустың күшеюі орын алып, аурудың ағымы да өзгеретін көрінеді.
Вакцинация әлемге 1796 жылдан бері белгілі. Ал ХХІ ғасырда өмір сүріп отырғанымызға қарамастан, біз әлемге әлі вакцинаның пайдасы мен қажеттілігін дәлелдеумен келеміз. Халықтың аз ғана мөлшерінің вакцина салдырғаны көңіл көншітетін жайт емес. Вирус дегеніміздің өзі ақуыз қабығымен қапталған, жасушадан тыс өмір сүретін организм. Ол «өмір сүру» үшін адам ағзасына бейімделеді. Бір айта кететіні, өкінішке қарай, тез бейімделгіш. Әр жаңа мутациямен вирус күшейіп, жұғу жағдайы жылдам орын алады. Ендігі өзекті мәселе – егер вакцина ауру жұқтыруға 100% кепілдік бере алмаса, не үшін салдырамын дейтіндер көп. Екпе салдырған адамның иммундық жүйесі ауруға дайын, антиденелер пайда болады. Организм вируспен бетпе-бет келгенде сәйкесінше жауап беретін болады. Демек, иммундық жүйе дайын деген сөз, - деді Рафаиль Қыпшақбаев.
Эпидемиолог ауырып тұрған адам лоторея іспетті, яғни медицинада кез келген дәрі-дәрмектің жанама әсер беру қатері болуы қалыпты деп отыр.
Маман сөзіне сүйенсек, вакцина салдырмау арқылы жеке басыңызды ғана емес, егде жастағы жақыныңызды, ата-анаңызды, балаңыздың денсаулығын қатерге тігуіңіз мүмкін. 200 жылдан астам уақыттан бері вакцинаның пайдасы дәлелденген. Ал оның пайдасы тәуекелден әлдеқайда артық екендігін алға тартты маман.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Екі түрлі вакцина алу иммунитетті күшейтетіні рас па?
Келесі жаңалық
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль иеленді
Өзгелердің жаңалығы