Енді вакцинация паспортын қолдан жасағандар қатаң жазаланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте айтты.
ІІМ жанынан жұмысты үйлестіретін, қоғам белсенділері мен халықтан ақпарат алатын және өңдейтін ведомствоаралық арнайы топ құруды тапсырамын, - деді Президент.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы вакцинация төлқұжаттарын қолдан жасауға жол берген адамдарға қатаң жаза қолдануды тапсырды.
Мен бұл мәселені кеңейтілген отырыста көтердім. Бұл елдің ұлттық қауіпсіздігі туралы болып отыр. Келесі мәселе осы саладағы көшбасшы өндірушілерге қарсы вакциналар желісін кеңейту қажеттілігімен байланысты. Отандық фармацевтикалық алаңдарда жаңа ресейлік «Спутник лайт» вакцинасын жеткізу және шығару мәселесін пысықтау қажет, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізетіні туралы хабарланған болатын. Жиынға Премьер-министр, ведомстволардың басшылары, қалалар мен облыстардың әкімдері қатысуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
QazVac-ты ДДСҰ-да тіркеуді жеделдету керек – Тоқаев
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы