Ең төмен жалақы өмір сүруге жеткіліксіз болуы мүмкін: Сенатор өзекті мәселе көтерді

Сенат отырысында сенатор Сәкен Арубаев Кейтц индексінің 50%-ына жеткен күннің өзінде де ең төмен жалақы деңгейі өмір сүруді қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бізде конвертпен жалақы төлеу фактілері бар. Бұл ресми статистикалық көрсеткіштерді, соның ішінде медианалық жалақыны жасанды түрде төмендететіні тағы бар. Егер ресми медианалық жалақы көлеңкелі секторға байланысты төмендетілген болса, онда оның 50%-ына қол жеткізген кезде де ең төмен жалақы деңгейі өмір сүруді қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болуы мүмкін. Үкімет ең төмен жалақыны кезең-кезеңімен арттыру процесін еңбек кірістерін заңдастыру қадамдарымен қалай синхрондауды қарастырып отыр? Ең төмен жалақыны есептеу әдістемесінде көлеңкелі кірістің есептік бағасын ескеретін түзету коэффициентін қолдану жоспарланып отыр ма? - деп сұрақ қойды сенатор.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев ең төмен жалақы мен еңбек кірістерін заңдастыру көрсеткіштері бірыңғай процесс екенін айтты. Сөзінше, министрлік заңдастыру бойынша арнайы өзгеріс енгізіп жатыр.

Біз ең төмен жалақыны жыл сайын республикалық бюджетті құрған кезде қарастырамыз. Ол әдістемеде нақты жазылған. Конвенциядағы барлық көрсеткіш есептеледі. Яғни адамның өмірі, инфляция. Сол себепті медиандық жалақы жыл сайын өсіп келеді. Кейтц индексі көрсеткішін 2030 жылғатқарай 50%-ға жеткіземіз, қазір ол 30% болып тұр, - деді вице-министр.

Айтуынша, министрліктің талдауы бойынша 95 мың мекеме бақылауда тұр. Оның 73 мыңы ең төмен жалақы талабын орындап отыр.

Еске сала кетейік, Қазақстан ең төмен жалақыға қатысты шешім шығарды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев бүгінгі Сенат кулуарында өз отбасының ай сайынғы шығындары туралы айтты. Оның айтуынша, алты адамнан тұратын отбасы айына шамамен 500-600 мың теңге жұмсайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив/ Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы