Елорданың елді мекендері сапалы интернетпен қалай қамтамасыз етіледі
Елорданың аудандары мен елді мекендерінің бәрін сапалы байланыспен және интернет желісімен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы онлайн-брифингте Астана қаласы цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Мейрамбек Әшірбеков мәлім етті.
Елордада 16 елді мекен бар, олардың бесеуі – Теміржолшылар, Заречный, Пригородный, Үркер, Көктал-1 жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген. Тағы 9 елді мекенде (Көктал-1, Агроқалашық, Интернациональный, Оңтүстік-Шығыс, Промышленный, Телман, Мичурино, Қазқалашық, Кирпичный) оптикалық байланыс желілерінің құрылысы бойынша жұмыс жүріп жатыр, үшеуінде (Қоянды, Күйгенжар, Өндіріс) инвесторлар тартылуда. Қалаға жұмылдырылған инвестициялардың жалпы сомасы 1,5 млрд теңге.
Мысалы Сарыарқа ауданында «Казахские домашние сети» ЖШС инвесторы Көктал-1, 2, Агроқалашық елді мекендерінің тұрғындары үшін интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Көктал-2-де 16 км көше кабелі тартылды. Мұнда алғашқы абоненттер өткен жылдың қараша айында қосылды. Көктал-1-ге 7 км-ден астам кабель тартылды, абоненттерді қосу 2023 жылдың наурызына дейін жоспарланған.
Көктал-2 шағын ауданының алғашқы абоненттері интернетке қосылды. Тұрғындарға талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы жоғары жылдамдықты интернет және сандық теледидар қызметтері ұсынылады. Заманауи GPON технологиясы жарықтандыру бағаналары мен электр желілері арқылы өтеді. Баршын, Құланөтпес, Саумалкөл, Айдарлы, Ақмола, Ұлытау және басқа да көшелердегі 200 үй қосылуға дайын, - деді Мейрамбек Әшірбеков.
Есіл ауданының Үркер, Телман елді мекендерінде бұл жұмысты Synergy Telecom ЖШС инвесторы жүргізеді. Мәселен бүгінде Үркерде 20 км көше кабелі тартылды. 50 абонент қосылды, 70 өтінім бойынша жұмыс жүріп жатыр.
«Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп Үркер елді мекенінде 290-нан астам үйді қамтитын көшелерде микротүтікшелерді пайдалана отырып желілер салу бойынша жұмыс жүргізілді. Бұл Малайсары батыр, Таукент, Ер Төстік, Мәди, Мұрын Жырау, Омба, Сырым батыр, Бойтұмар, Жасыбай, Смағұл Сәдуақасов көшелері, - деді спикер.
Сонымен қатар, «Астана-АЭК» АҚ-мен бірлесіп инвесторларды толық қаржыландыру есебінен елорданың елді мекендерінде электр беру және жарықтандыру тіректері бойынша оптикалық байланыс желілерін жүргізу мәселесі пысықталды.