Елордалық оқушылар қашықтан оқитын болды

Бүгін елордада екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды. Бұл туралы қалалық білім басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы 5 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген ведомствоның Instagram-дағы парақшасында.

Бұған дейін елордада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқитыны хабарланған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы