Елордада ер адам ұрыс-керістен кейін көпқабатты үйден құлап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен түні «Аққу» тұрғын үй кешенінен ер адам құлап кетті, деп хабарлады Bnews.kz.

Куәгерлердің сөзінше, оқиға ерлі-зайыптылар арасындағы ұрыс-керістен кейін болған.

Куәгер редакцияға оқиға орнынан суреттерді жіберген.


"ПИК төрағасының сөзінше, ер адам ұрыс-керістен кейін құлап кеткен көрінеді. Ол шамамен 7-қабаттан құлаған", – деді куәгер.


Айта кетейік, кеше елордада Highvill тұрғын үйінің 33-қабатынан ер адам секіріп кетіп, қаза болған болатын.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы