Елордадағы газ баллон жарылысы: Сотқа дейінгі тергеу басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы дәмханада орын алған газ баллоны жарылысына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өрт-техикалық және сот сараптамалары тағайындалды. Тергеу амалдары полиция департаменті басшылығының бақылауында тұр, - деді ведомствоның баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, кеше елордада дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, 1 адам қаза тапты. Қазіргі уақытта елорда ауруханаларында 23 адам ем алып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шығыс Қазақстанда вирустың өршуіне не себеп?
Өзгелердің жаңалығы