Елордада халықаралық 3rd IoT Forum Kazakhstan 2019 өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада халықаралық 3rd IoT Forum Kazakhstan 2019 шарасы өтіп жатыр. Алғашқылардың бірі болып сөз алған цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дарын Тұяқов Қазақстанда цифрландыру бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.
Цифрландыру еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды орын алады. Дамыған және дамушы елдер цирфландыруды енгізу үшін саяси реформа негізін жасау керек. Елдің күн тәртібінде тұрған цифрландыруды жүзеге асыру мәселесіне орай Елбасы "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын бекітті. Бағдарлама экономиканың барлық саласын, мемлекеттік қызметтерді, жоғары жылдамдықтағы қорғалған телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, жаңа экожүйені құру, адами капиталды дамыту секілді бағыттардан тұрады, - деді вице-министр.
Ол Қазақстанда 5G технологиясын енгізудің маңызды екенін атап өтті.
Байланыс технологиялары бір орында тұрмайды. Әлемде 5G технологиясын енгізу белсенді түрде қызу талқыланып жатыр. Жақында Египетте өткен халықаралық конференцияда да осы мәселе талқыланды. Бұл технология ұлттық экономиканы, ақылды қалаларды дамытуда маңызды болып отыр. Қазақстан мобильді трафикті белсенді қолданатын елдердің бірі болғандықтан осы 5G интернетті енгізіп жатыр. Биыл осы технология Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында, қазан айында Шымкентте тестіленді, - деді ол.
Ол жоғары жылдамдықтағы интернетпен қалаларда, ауылдық елдімекендерде ғана емес, өнеркәсіп нысандарын, агроөнеркәсіп кешені мен тарихи-мәдеи нысандарды қамту маңызды екенін атап өтті. Сөз соңында ол форум ұйымдастырушыларына алғыс айтып, алаңның жаңа технологиялар саласында әрі қарай серіктестік орнатуға мүмкіндік беретінін айтты.
Шара барысында "Қазақтелеком" компаниясы IOT, Smart City, Big Data, бейнебақылау және т.б. жобалар бойынша өз шешімдерін ұсынды. Форум алаңында интернет заттары саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылар мемлекеттік қызметті цифрландыру, өндірісті технологиялық трансформациялау, ТКШ саласын автоматтандыру, қаржылық технологияларды дамыту және "ақылды қалалар" қауіпсіздігі мәселелерін талқылады.
Панельдік сессияларға ҚР Үкіметінің мүшелері, орталық және аймақтық мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, ірі корпорациялардың басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Канада, Орталық Азия және ТМД мемлекеттерінен кәсіпкерлер қатысып отыр. Жалпы форумға 20 әлемнің елінен 1000 жуық адам жиналды.
Шара барысында 20 спикер баяндама жасаса, 100-ден астам бизнес-кездесу өтпек. Отандық және шетелдік әріптестер арасында бірқатар ірі меморандумдарға қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сот орындаушыға төлем туралы түбіртекті көрсетудің еш қажеті болмайды – Марат Бекетаев
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы