Елордада биыл 6 жаңа маршрут ашылады
Бұл туралы Астана қаласы коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында №1 Автобус паркi АҚ Басқарма төрағасы Медет Шакаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі уақытта елордадағы №10 маршрутта жаңа автобустар қолданысқа берілді. Осы орайда №10 маршрутта жұмыс істеген 18 метрлік автобустар жолаушылар санын ескере отырып басқа аудандарға қатынайды.
Бұрын №10 маршрутта жұмыс істеген 18 метрлік автобустар 7, 44, 61 (Жағалау ш.м.), 24 (Өндіріс тұрғын алабы (Орман зауыты), 9, 29 (Интернациональный кенті) маршруттарына жіберілді. 205-ке жуық автобустардың жүктемесін азайту және тұрақты қозғалыс аралығын қамтамасыз ету үшін барлық маршруттағы кестелер қоғамдық көліктің санын көбейтуге жұмсалады. Яғни, қаланың барлық ауданы қамтылады. Бұл ең алдымен 4,5,8,32,54,71,73 маршруттары - Көктал-1, Көктал-2 тұрғын алаптарына қызмет көрсету; 24,30 маршруттары - Өндіріс тұрғын алабы; 35,36,45 маршруттары - Үркер шағын ауданы; 7,9,17,29,44,61 маршруттары - Жағалау шағын ауданы, Интернациональный кенті; 1,6 маршруттары - кірпіш тұрғын алабы. Бұл жағдайда аралықты 10-20 минуттан 8-10 минутқа дейін қысқарту жоспарлануда, - деді Медет Шакаев.
Оның айтуынша, елорда халқының өтініштерін ескере отырып, биылғы жылы 6 жаңа маршрут ашу жоспарланып отыр. Яғни, салынып жатқан жаңа аудандарға, автобустар жоқ немесе жетіспейтін проблемалық учаскелерге қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін 95 автобус жіберілетін болады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Астанада қоғамдық көліктердің біршамасы жаңартылады.