Елордада 1 жылда 12 қаржы пирамидасының көзі жойылды
Бұл туралы Астана қаласы коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысының орынбасары, экономикалық тергеу қызметінің полковнигі Нұржан Ашиханов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, қаржы пирамидасын құруға қатысты 13 эпизодтан тұратын 10 іс сотқа жолданған.
2023 жылдың қорытындысы бойынша Департамент он екі қаржылық пирамиданы жойды. Олар «Sinsera Systems», «Best Road Investment», «Q-NET», «Antares Trade», «Bussines process technologies», «Sterling Invest», «Life is good», «Finiko», «Chai Tai Pharmaceutical», «Eolus Kazakhstan», «Семейный капитал»,«PLATIN COIN». Олар бойынша 16 адам 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Тәркіленген мүлкі 156 817 410 теңге мөлшерінде, үкім бойынша жәбірленушілерге тәркіленген мүліктен 1 126 238 654 теңге өтемақы төленді,-деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Жасыл ел". Елімізде еңбек жасағының жазғы маусымы басталды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы