Елорда мектептері дәстүрлі оқу кезінде қандай талаптарды сақтауы қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы қала әкімдігінің Facebook парақшасында өткен тікелей эфир кезінде қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева айтты.
Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдай «қара қызыл» аймақта орналасқан. 25 тамызда ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №36 қаулысы жарияланды. Құжат мәтінінде білім беру объектілерінің, яғни колледждер, мектептер, университеттер, интернаттар, жатақханалар жұмысы бойынша талаптар бекітілген.
Айта кетсек, елордада шектеу шаралары жеңілдетілді.
2021-2022 оқу жылдары мынадай талаптарды сақтай отырып, штаттық форматта оқуға рұқсат етілді:
- соңғы үш ай ішінде тұрақты қарсы көрсетілімі бар және коронавируспен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, педагогтар мен персоналды 100% вакцинациялау;
- Ashyq қосымшасы арқылы педагогтарды, қызметкерлерді, ата-аналарды, оқушыларды білім беру объектілеріне жіберу;
- Маска режимін сақтау;
- зертханалық және практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін жою;
- санитайзерлердің, антисептиктердің және басқа да жеке қорғану құралдарымен толығымен қамтамасыз ету;
- мекемені жинау және дезинфекциялау жиілігін арттыру.
Жанна Пірәлиева балабақшаларда кезекші кешкі топтар құруға тыйым салынатынын айтты.
Еске сала кетейік, осыған дейін ол қалада коронавирус жұқтырғандар саны төмендегенін айтқан еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қалада коронавирус жұқтырғандар саны төмендеп келеді – Пірәлиева
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы