Елнұр Бейсенбаев депутаттар қандай мәселеде жеңіске жеткенін айтты

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев өзі көтерген қандай мәселелер шешімін тапқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тозған вагондар, олардың тазалығы жайлы мәселені көтердік. Бұл осыдан 1,5 жыл бұрын көтерілген мәселе. Қазіргі таңда “Қазақстан темір жолындағы” мемлекеттік немесе оған тиесілі вагондарда тазалық бар. Одан бөлек, 8-ге жуық компания – жекеменшік вагондардың иелері. Олар тазалық сақтамайды. Сол себепті олардың тарапынан олқылықтар бар, - деді депутат Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында.

Бейсенбаев шешілмеген мәселелер көп екенін атап өтті.

Жуырда ғана Жоғары аудиторлық палатаның есебі бойынша “ҚТЖ” мәселесін талқылаған болатынбыз. Сол жерде бірқатар мәселе көтерілді. Сонымен қатар лагерьлер мәселесі және т.б. Соңғы жеңісіміз лудоманияға байланысты. Бір топ депутаттың бастамасымен жасалған заң жобасында қазір букмекерлік кеңселерге барынша шектеу қойылды. Нақтырақ айтқанда, олардың жарнамасына, жұмыс үдерісіне өзгертулер енгізіледі, - деп түсіндірді мәжілісмен кулуарда.

Депутат бұған дейін терезелері жабық, қабырғасында тарақандар жүретін вагондарға билет алу арман болғанын айтып, Үкіметке сауал жолдаған болатын. 

Кейін Үкімет депутаттың сауалына жауап берген еді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы