Еліміздегі ЖОО-да демографиялық инфрақұрлым өз шегіне жетті

Демографиялық инфрақұрлыммен күресудің жалғыз жолы, онлайн оқу-орындарын ашу. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Аймақтық ЖОО кездесу» жиынында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сарапшылардың айтуынша, білім саласында демографиялық инфрақұрлым өсіп жатыр. Оқу орындары мен жатаханалардың саны артса да, демографиялық өсімге жете алмай келеміз. 

Әлем елдерінде демографиялық жарылыс байқалуда. Біздің елімізде жылына 400 мыңнан астам бала дүинеге келсе, Өзбекстанда 1 млн бала дүниеге келіп жатыр. Ал Үндістанда күніге 60 мың бала дүниеге келеді. Бұл толқын 7-10 жылдан кейін ЖОО-да байқалатын болады, біз бұған дайын болумыз керек. Біздің тұжырымдамамыз 8 басылымнан тұрады. Соның кемінде 4-і демографиялық өсімге дайындалу үшін бағытталған. Олар қолжетімділік, цифрлық инфрақұлым мен цифрлық архитектура, шетелдік интернацаландыру, цифрлық шетелдік сауаттылық деп атталады. Біздің физикалық инфрақұрлымымыз демографияға ешқашан үлгере алмайды. Біз қанша оқу орындары мен жатаханаларды салғанмен демографиялық өсімге жете алмаймыз. Яғни жыл сайын млрд теңгені шығындаймыз. Біздің шамамыз ондай ресурстарға жетпейді. Қазіргі таңда Өзбекстан дәл осындай мәселемен күресіп жатыр. Былтыр Ташкентте 100% онлайн университеті ашылды. Неге десеңіз, ЖОО білімді 40% жеткізуді жоспарлап отыр, – дейді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Жиын барысында министр еліміздегі ЖОО мен жатақананың тапшылығын шешуге 7 жыл қажет екенін атап өтті. 

Еліміздегі, кез-келген өңірлік, үлкен қалалардағы ЖОО-ды алып қарасаңыз демографиялық инфрақұрлым шегіне жетті. Мәседен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіміз 10-12 мың адамға жоспарланған. Десе де қазір 26 мың студент оқып жатыр. Жатахананың тапшылығы 15 мың адамды құрайды. Біз бұл тапшылықты жою үшін, 2-3 жылда салып үлгере алмаймыз. Біз 7 жылдан кейін, қазіргі күннің тапшылығын шеше аламыз. Ал 1 млн болған кезде, мәселені шешу қиындап кетеді. Сол себептен, онлайн ЖОО ашуды қолға алумыз қажет, Бұл сән үшін, еріккенен емес. Бұл болашақта инфрақұрлымының тапшылығын теңдестүрудің кепілі, – дейді Саясат Нұрбек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы