Еліміздегі әр құрылыс нысанына енді жеке сәйкестендіру нөмірі берілмек
Құрылысы жүріп жатқан нысандарға бірегей нөмір мемлекеттік кадастр жүйесінде жоспарлау кезеңінде беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мәжіліс отырысында мәлімдеді.
Бірегей номер автоматты түрде беріледі. Ол нысанға бекітіліп, жоспарлау мен сараптамадан бастап, құрылыс және кейінгі пайдалану кезеңіне дейін бірге жүреді. Бұл – өте маңызды элемент,-деді министр.
Министрдің айтуынша, нысан пайдалануға берілгеннен кейін де, жылдар өтсе де, қажет болған жағдайда дәл осы бірегей нөмір арқылы оның деректеріне жүгінуге болады. Бұл жүйе ақпараттың ашықтығын, бақылануын және тұтастығын қамтамасыз етеді.
Бұған дейін Мәжілісте жаңа Құрылыс кодексі таныстырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы