Елімізде қанша адам коронавирустан емделіп жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев хабарлады. 

Оның айтуынша, індетті жұқтырған 18 852 науқас емдеуді жалғастырып жатыр.  

Республикада ПТР тесттің оң нәтижесімен коронавирус инфекциясының 984 079 жағдайы және ПТР-дің теріс нәтижесімен 83 732 жағдай тіркелген. Науқастардың 96%-дан астамы емделіп шықты, - деп атап өтті Жандос Бүркітбаев.

Сонымен қатар соңғы үш айда емдеуді жалғастырған адамдар саны 4,5 есеге азайған.

Инфекциялық және реанимациялық төсектерді жұмыспен қамту 19%-ды құрайды. Ал  соңғы үш айда емдеуді жалғастыратын адамдар саны қыркүйек айындағы 84 268-ден желтоқсан айында 18 852 науқасқа дейін, яғни  4,5 есеге қысқарды, - деді ведомствоның жаңа басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жандос Бүркітбаев 188 мыңға жуық қазақстандық жасөспірім Pfizer вакцинасын салдырғанын айтқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы