Елімізде ет өнімдерін ең көп тұтынатын аймақ анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалғыз тұратын қазақстандық үш айда орта есеппен 36 келі ет өнімін, ал отбасында 5 адамы бар жанұя үш айда 15 келі ет тұтынады екен. Жалпы елімізде ет және ет өнімдерін тұтыну бір жылда 5%-ға қысқарып кеткен.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша ет және ет өнімдерін тұтыну орташа есеппен жан басына шаққанда 19,8 келіге дейін қысқарды. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 5,4%-ға аз.

Қазір таңғаларлық дерек ұсынамыз. Ет және ет өнімдерінің басым бөлігін Павлодар облысының тұрғындары тұтынған екен (24 келі, бір жылда 1,9%-ға көп) Ал ең аз тұтынған - шымкенттіктер (14,6 кг, бір жылда 1,7%-ға көп).

Өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда ағымдағы жылы ет өнімдерін тұтыну бірден 17 өңірдің 10-ында азайып кетті. Алматы мен Солтүстік Қазақстан облысында көрсеткіштің айтарлықтай төмендегенін байқауға болады: тиісінше 12,5%-ға, 20,3 келі және 17,3 келіге дейін. Ақмола облысында ет өнімдерін тұтыну 11,7%-ға, яғни 21,3 келіге дейін, ел астанасында - 11,5%-ға, яғни 17,5 келіге дейін қысқарды. Бұл ретте Қостанай облысында ет тұтыну көрсеткіші 10%-ға ұлғайған, жан басына шаққанда 20,5 келіге дейін айтарлықтай өсті.

2020 жылы әрбір қазақстандық орташа есеппен айына 7 келі ет өнімдерін тұтынған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 5,6%-ға артық, ал 2015 жылмен салыстырғанда 14,3%-ға артық, сондай-ақ 2010 жылмен салыстырғанда бірден 58,4%-ға артық. Соңғы 20 жылда ет өнімдерін орташа тұтыну көрсеткіші 3,7-ден 7 келіге дейін өсті.


Ет өнімдерін орташа тұтыну үйдегі адам санына байланысты өзгеріп отырады. Мәселен ағымдағы жылы 1 адамнан тұратын отбасы орта есеппен жан басына шаққанда 36,4 келі ет өнімін, 2 адамнан тұратын отбасы - 28,3 келі, 3 адамнан — 21,8 келі, 4 адамнан — 18,3 келі, 5 және одан да көп адамнан тұратын отбасы - барлығы 15,4 келі ет тұтынған екен.

Өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы ет өнімдерінің барлық негізгі түрі бойынша тұтыну көрсеткіші азайды. Бұл көрсеткішке жартылай фабрикаттар (бірден 31,8%, 29 грамға дейін), сондай-ақ шұжық түрлері (плюс 7,5%, 503 г дейін) енбеген.

Шошқа майын тұтыну (17,7%-ға, 116 грамға дейін), тауық еті (11%-ға, 1,1 келіге дейін), пісірілген шұжықтарды (9,3%-ға, 674 грамға дейін) тұтыну көрсеткіші де айтарлықтай төмендеді.

Ет түрлерінің ішінде сиыр етін тұтыну көрсеткіші 6 келіге дейін, яғни 1,9%-ға, ал қой еті - 3,9%-ға, яғни 1,1 келіге дейін, сонымен қатар жылқы еті - 5,4%-ға, яғни 1,8 келіге дейін, шошқа еті - 5,9%-ға, яғни 824 грамға дейін төмендеді.


2021 жылдың бірінші тоқсанында ет және ет өнімдерін тұтынуға жұмсалатын шығыстардың үлесі үй шаруашылықтарының барлық тұтыну шығысының 17,9%-ын құрады.

2021 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша ет және ет өнімдері бір жылда 6,8%-ға және бір айда 0,9%-ға қымбаттады.

Дүкендердің, базарлардың және басқа да бөлшек сауда нүктелерінің сөрелеріндегі қой еті Қазақстан бойынша орташа есеппен бір келі үшін 2,2 мың теңгеге саудаланды. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 13,6%-ға артық. Сонымен қатар жылқы етінің бағасы 2,4 мың теңгеге дейін, яғни 7,2%-ға қымбаттады. Базарларда шошқа етінің құны 6,5%-ға өсіп, 1,7 мың теңгеге дейін жетті. Ал сиыр еті болса 6,4%-ға қымбаттап, 2,1 мың теңгеге дейін саудаланды. Тауық еті 4,1%-ға қымбаттады. Саудагерлер оның бір келісі үшін кемі 965 теңге сұрайды.

Басқа ет өнімдерінің арасында жартылай ысталған шұжық 8,7%-ға қымбаттап, келісі 2,4 мың теңгеге дейін жетті. Сондай-ақ пісірілген шұжық құны - 6,8%-ға өсіп, 2,1 мың теңгеге дейін қымбаттады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы