Елімізде банкрот болғысы келетіндерді қалай тексереді

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов азаматтардың банкроттық рәсіміне жататынын немесе жатпайтынын қалай тексеретінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Вице-министрдің сөзінше, алдымен азамат тиісті өтініш жазуы керек.

Өтініш берілгеннен кейін мемлекеттік органдарға сұраулар жіберіледі. Бұл біз деректер алатын 22 ақпарат көзі. 7 мемлекеттік орган мен 6 ұйыммен интеграция жолға қойылды. Біз критерийлерге сәйкестігін тексереміз. Егер азамат сәйкес келіп, заңнамада көрсетілген барлық критерий орындалса, онда 15 күн ішінде оның өтінішін мақұлдап, тізілімге енгіземіз. Одан кейін банкроттық туралы өтінішті қаралады, - деп түсіндірді вице-министр.

Сөзінше, Қаржы министрлігі скорингтік жүйені әзірлегенін атап өтті. Қазір басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдарда сынақтан өтіп жатыр.

Наурыз айына дейін жүйе дайын болады. Қазір біз порталға өтініш үлгілерін орналастырдық, азаматтар 8 ақпанға дейін танысып, өз ұсыныстарын енгізе алады және барлық түзетулер талқыланып жатыр. Бірақ жалпы алғанда жүйе дайын, - деп айтты Біржанов брифингте.

Бұған дейін елімізде миллионнан аса азаматтың 5 млн теңгеден аса қарызы бар екенін айтқан болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы