Елімізде тұрмыстық қатты қалдықтарды өртейтін зауыттар ашылады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР заңының жобасы қаралды. 

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Құралай Қаракеннің айтуынша, депутаттар тұрмыстық қатты қалдықтарды өртеу жолымен қайта өңдеп, кейіннен электр энергиясын алу үшін құқықтық база құру мақсатында бастама көтерген.

Бізде қалдықтардың тек 15 пайызы қайта өңделеді, қазір осы міндетті іске асыру үшін бүкіл әлемде қоқыс жағатын кешендер жұмыс істейді. Бұл қалдықтардың көму көлемін азайтудың тиімді тетігі. Бізде де оны кең электр энергиясын өндіру арқылы оларды термиялық өңдеумен шешуге болады. Ондай тәсіл республикадағы полигондардың саны мен алаңын қысқартуға әкеледі, - дейді депутат. 
Алайда осы сектордың төмен инвестициялық тартымдылығы кәсіпкерлердің қалдықтармен жұмыс істеу жүйесіне қатысудағы негізгі тежеуші фактор болып отыр екен. Осыған орай заңның жобасы мен экологиялық кодекс, электр энергиясы туралы және жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңға түзетулер енгізу ұсынылды. 
Қоқыс жағатын зауыттардың қоршаған ортаға теріс әсерін азайту үшін қоршаған ортаны ластаушы заттарды шектеу, оның ішінде оларды мониторингілеу және бақылау бөлігінде еуропалық стандарттарға баламалы қоқыс жағатын зауыттарды пайдалану қажет. Сондай-ақ, заң жобасында уәкілетті органның аукционға қатысатын үміткерлерді алдын ала жоспарлау көзделеді, - деді Құралай Қаракен. 

Сонымен қатар, ол бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған зауыттар қоқысты тек сұрыптап, қайта өңдейтінін айтты. Ал жаңадан іске қосылатын зауыт өңдеуден қалған қалдықтарды өртейді. Соның арқасында энергия алынады. Елімізде мұндай технология қазір жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы