«Елім-Ай» тұтынушылар кооперативі басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы бойынша ҚМА аумақтық департаменті қаржы (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару фактісі бойынша «Елімай – 2019» тұтынушылар кооперативінің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тергеу барысында қаржы пирамидасының басшылары 2019 жылғы қарашадан бастап 2021 жылғы қарашаға дейін пайызсыз қарыздар беру арқылы жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алуға жәрдем көрсету дегенге еліміздің 12 өңірлерінің аумағында 2000 салымшыдан 1,3 млрд теңге тартты деп анықталды.
Тұтынушылар кооперативінің құрылтайшылары оның тіркеуге және қаржы-шаруашылық қызметке нақты қатысы жоқ, құрылтай және басқа құжаттарға ешқашан қол қойған емес.
Тұтынушылар кооперативі өз қызметін қолданыстағы заңнаманы бұза отырып жүзеге асырды.
Қазіргі таңда жәбірленуші деп танылған 350-ден астам азаматтар Қаржы пирамидасының басшылығын қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәлімдемелермен жүгінді.
Соттың санкциясымен аталған кооперативтің есеп айырысу шоттарында орналасқан жылжымалы және жылжымайтын мүліктеріне, қаражаттарына бұғат қойылған.
Екі күдіктілерге тергеу сотының қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Шымкент қаласының, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Түркістан облыстарының бойынша департаменттері аталған өңірлерде қаржы пирамидасын басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары бастады.
Прокуратураның үйлестіруімен дәлелдемелерді жинау, сондай-ақ күдіктілер шығарған активтерді іздеу бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.