Елге инвестиция тарту – экспорттық жеткізілімдер құрылымын қайта құруға жол ашады - сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысының Сауд Арабиясына жасаған ресми сапары туралы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Зарема Шәукенова осылай деп пікір білдірді. 

Оның айтуынша, ауқымды да жемісті сапар – сенімді сыртқы экономикалық әріптестерді іздеудегі оң нәтижелердің бірі. 

Ресми кездесулерге қатысушылардың достық қарым-қатынастары мен сенімді байланыстарының жоғары мәртебесі ынтымақтастық жөніндегі қол қойылған көптеген екіжақты құжаттардың барлық мазмұнында белгіленген бағдарламалық міндеттерді іске асыру деңгейінің жоғары екенін болжауға мүмкіндік береді. Біздің еліміз үшін прагматикалық және сенімді байланыстарды таңдайтын Сауд Арабиясы патшалығының басшылығы сияқты инвестициялық жобалар бойынша сенімді әрі тұрақты серіктесті таңдау, бұл мемлекетті жаһандық инвесторлардың бірі ретінде және Қазақстан экономикасының нақты секторына ұзақ мерзімді инвестициялық салымдар салуға қабілетті мемлекет ретінде мойындау, - деп атап өтті сарапшы. 

Сонымен қатар ол Президенттің кәсіби дипломатиялық қасиеттері бұл сапарда басты міндеттерінің табысты шешіміне алып келгені сөзсіз екендігін алға тартты. Тәжірибелі келіссөз жүргізушінің тамаша дағдылары келіссөздер барысында айтылған қазақстандық тараптың ұсыныстарының қолдауға ие болуын қамтамасыз еткені анық дейді.

Қазақстан байланыстарды көпвекторлы кеңейту бағдарының үздіксіздігі қағидаттарына сүйене отырып, халықаралық саясатқа белсенді қатысушы болып қалуда. Бұл оның әлемнің екі бөлігінің шекарасындағы стратегиялық тиімді географиялық орналасуымен және салмақты сыртқы саясатымен шарттасқан. Қазақстан – аумағы кең және пайдалы қазбалар мен басқа да табиғи ресурстардың орасан зор қорлары орналасқан ел ретінде, аталмыш сапар нәтижелері бойынша алынған жаңа келісімдердің форматы мен мазмұны тұрақты экономикалық және әлеуметтік өсу факторы, сондай-ақ әлемдік қоғамдастықтың алдындағы еліміздің рейтингісі мен мәртебесін ұзақ мерзімді ұстап тұрудың көзі, - деді Зарема Шәукенова. 

Сондай-ақ сарапшының сөзінше, Қазақстан өзінің ерекше географиялық орналасуын пайдалана отырып, халықаралық жүктерді кепілмен және қауіпсіз жеткізуге қабілетті сенімді серіктес ретінде ұсынып отыр. Осыған орай, пайдалы қазбаларды өндіру мен қайта өңдеудегі, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өндіретін өнімді шығарудағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері артып келеді.

Келісімдердің шарттары бойынша өңдеуге және шикізаттық емес тауарларға салынатын жаңа инвестициялар қосымша ресурстарды өсіруге және әлемдік нарыққа экспорттық жеткізілімдер құрылымын қайта құруға қабілетті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарының қорытындысы бойынша ұсынылған қосымша инвестициялық шарттар елдің ішкі аудиториясының нақты күн тәртібін қалыптастыру үшін өте тиімді және уақтылы шешім. Осылайша, қазақстандық қоғам үшін Қазақстан экономикасын нығайтуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға қызмет ететін, мазмұны жағынан сенімді мемлекеттік басқарудың тәжірибелік шаралары бүгінде барынша сұранысқа ие болып отыр, - деді Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы