11 Қыркүйек 2026, 08:22 Фото: instagram.com/lenarybakina

Елена Рыбакина US Open финалына шықты

Енді шешуші кездесуде қазақстандық теннисші Беларусь өкілі Арина Соболенкоға қарсы ойнайды.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open турнирінің финалына жолдама алды.

Жартылай финалда Рыбакина америкалық Коко Гауффпен кездесіп, үш сетке созылған тартысты матчта 3:6, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Енді шешуші кездесуде қазақстандық теннисші Беларусь өкілі Арина Соболенкоға қарсы ойнайды.

Елена Рыбакина мансабында алғаш рет Әйелдер теннисі қауымдастығының әлемдік рейтингінде көш бастады. 14 қыркүйекте Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанады. Бұл – қазақстандық теннис тарихындағы айтулы жетістік.

Осы орайда Мемлекет басшысы теннисшіні «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады.

Қазіргі уақытта Рыбакинаның еншісінде WTA турнирлеріндегі 13 жекелей титул бар. Ол «Үлкен дулыға» жарыстарының екі дүркін чемпионы. 2022 жылы Уимблдонда топ жарса, 2026 жылы Australian Open турнирінде жеңіске жетті.

Сондай-ақ Рыбакина 2025 жылы Эр-Риядта өткен WTA қорытынды турнирінің чемпионы атанған.