13 Қыркүйек 2026, 04:35 Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Елена Рыбакина алғаш рет US Open турнирінде топ жарды

Финалда Рыбакина кейінгі екі жылдың жеңімпазы Арина Соболенконы үш сетте – 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open турнирінің чемпионы атанды.

Финалда Рыбакина кейінгі екі жылдың жеңімпазы Арина Соболенконы үш сетте – 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді.

Осылайша, 27 жастағы қазақстандық теннисші мансабында үшінші рет «Үлкен дулыға» турнирінде топ жарды. Бұған дейін ол 2022 жылы Wimbledon және 2026 жылы Australian Open жарыстарында жеңіске жеткен.

Рыбакинаның жеңісінен кейін Қазақстан US Open тарихында чемпионы шыққан 19-шы ел атанды.

US Open-дегі жеңісі үшін Елена Рыбакина 5,5 млн доллар сыйақы иеленді. Сондай-ақ ол әлемдік рейтингте көш бастап, жылдың қорытынды турниріне жолдама алды.

Елена Рыбакина мансабында алғаш рет Әйелдер теннисі қауымдастығының әлемдік рейтингінде көш бастады. 14 қыркүйекте Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанады. Бұл – қазақстандық теннис тарихындағы айтулы жетістік.

Осы орайда Мемлекет басшысы теннисшіні «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады.