Елдің солтүстігінде тұрғындары 10 адамға толмайтын қанша «өлі» ауыл бар?

Елдің  солтүстігінде тұрғындарының саны 10 адам ғана болатын ауылдар бар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанның солтүстігінде көптеген ауылдың даму әлеуеті төмен.

Басқаша айтқанда, бұл ауылдар құрдымға кетудің аз-ақ алдында тұр. Болашағы жоқ, "өлген" деп айтуға болады. Кей ауылдарда тұрғындар саны 10 адам ғана, тіпті  10 адамға да жетпейтіндері бар.

Петропавловск News сайтының мәліметінше, 2019 жылы Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілігінде болашағы жоқ 635 ауылдың 65-і жойылып кетудің алдында тұр. Бұған пандемия, халық санағы және басқа да жаһандық оқиғалар кедергі келтірді. Содан бері үш жыл өтті. Демографиялық жағдай жақсарған жоқ, демек жойылып жатқан ауылдар саны көбеймесе азаймаған.Сондықтан алдағы жылдарда облыстың әкімшілік-аумақтық бөлінісі сөзсіз өзгеруі мүмкін.

Ауылдарды жою тек ресми сипатта болады. Ешкім мұндағы тұрғындардың үйлерін сүріп тастамайды. Мемлекет мұндай елді мекендерді өзінің барлық есебінен алып тастайды: қаржыландыру, жол салу және жөндеу жұмыстары, қыста жол тазалау, су тартуға қаржы бөлмейді... Ал сол ауылдың тұрғындары баратын жері болса, ауылдарын өздері тастап кетеді, - дейді журналистер.

Қазір Солтүстік Қазақстан облысында ресми түрде тұрғындар саны 10 адамға дейінгі 30 елді мекен бар.

Айыртау ауданы:

Қопа-8 адам,
Әдемі-6 адам.

Аққайың ауданы:

Борки - 6 адам,
Сенное — 4 адам,
Үлгі-2 адам.

Есіл ауданы:

Алқа-  10 адам,
Калиновка - 5 адам,
Славянка - 1 адам.

Жамбыл ауданы:

Амангелді - 7 адам,
Суаткөл - 2 адам.

Мағжан Жұмабаев ауданы:

Сейфолла - 8 адам,
Камышлово - 8 адам,
Изобильное  — 1 адам.

Мамлют ауданы:

Бүркіт - 6 адам.
Ғабит Мүсірепов ауданы:

Князевка-9 адам,
Дубровка-6 адам,
Привольное-5 адам,
Мәдениет-5 адам,
Құйған-5 адам.

Тайынша ауданы:

Тапшыл-10 адам,
Теңіз-7 адам,
Комсомольское-5 адам,
Сарыбай-5 адам,
Глубокое-5 адам,
Еңбек — 4 адам,
Талдыкөл-3 адам,
Мирное — 1 адам.

Тимирязев ауданы:

Северное - 8 адам.

Уәлиханов ауданы:

Қарамырза - 3 адам.

Шал ақын ауданы:

Тельманово-7 адам.

Бұл елді мекендер тарату бойынша бірінші кезекте тұр. Алайда, 2019 жылы СҚО әкімдігі экономика басқармасының сол кездегі басшысы Арсен Қазбеков түсіндіргендей, ауылдарды дамыту бойынша басымдықтар қатарына облыстың 408 елді мекені кірмеген. Оның ішінде 297 ауылдың орташа даму әлеуеті бар. Қалғандары дамудың төмен деңгейінде. Олардың әрқайсысында 50-ден аз адам тұрады, - деп толықтырды басылым.

Солтүстік Қазақстан облысында әкімшілік-аумақтық бөліністі өзгерту бойынша нақты жұмыс 2023 жылы басталуы мүмкін, ол кезде халық санағының қорытындысы шығарылады. Халықтың тұрақты кетуін ескере отырып, жоюға жататын елді мекендер санының өсу ықтималдығы жоғары.

Мұндай жұмысты жандандырған жағдайда Сергеевка, Булаев және Мамлютка қала мәртебесінен айырылуы мүмкін, бұл туралы Қазақстан Үкіметінде 2019 жылы айтылған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы