Елдің оңтүстігінде -36 градус аяз болады

Синоптиктер еліміз бойынша алдағы үш күнге, 12-14 қаңтарға  арналған ауа айы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Суық арктикалық антициклон өз траекториясын республиканың шығыс, оңтүстік өңірлеріне бағыттайды, сол себептен жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі, тек республиканың солтүстік жартысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар, жаяу бұрқасын күтіледі. 

Республиканың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Ауа температурасы еліміздің батысында түнде 15-30 аяздан 7-20 аязға дейін, солтүстік-батыста 20-28 аяздан 13-22 аязға дейін, республиканың солтүстігінде 20-35 аяздан 13-26 аязға дейін, орталықта 30-41 аяздан 17-25 аязға дейін, еліміздің шығысында 32-43 аяздан 20-30 аязға дейін төмендейді, оңтүстікте температураның негізгі фоны 22-31 аяз, оңтүстік-шығысында 20-33 аяздан 23-36 аязға дейін төмендейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы