Елдегі саяжайлар мен жалға берілетін пәтерлер тексеріліп жатыр
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ел аумағында «Участок» жалпыреспубликалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Шара азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және жолын кесу мақсатында өтеді. Акция аясында базарлар, сауда орындары, саяжайлар мен шаруа қожалықтары, қала сыртындағы қыстаулар, сондай-ақ жалға берілетін пәтерлер тексеріледі, - деп атап өтті ведомство өкілі.
Айтуынша, науқанға тәртіп сақшылары жаппай жұмылдырылады.
Оған жергілікті полиция қызметінің, көші-қон, криминалдық, патрульдік полицияның және басқа да жедел қызметтердің күштері жұмылдырылған. Ащаматтық атыс қаруы мен оны сақтау ережелерінің сақталуы назардан тыс қалмайды, - деді Шұғыла Тұрлыбек.
Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде бір апта ішінде 2500-ден астам қылмыс жасалғаны туралы жазған болатынбыз. Оның 1655-і тәулік ішінде, ал 15-ке жуығы «ізін суытпай» ашылған.