Елдегі энергия аудиторларына тиісті мәртебе беріледі - Марат Қарабаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасының ресми аяқталуына арналған конференция барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.  

Сондай-ақ ведомство басшысы энергия үнемдеу мен энергиятиімділікті арттыру бойынша заң жобасында жазылған заңнамалық өзгерістерге тоқталды. 

Қазіргі таңда энергия аудиторлары тиісті мәртебені алу үшін жұмыс істеп жатыр. Олар министрлікке төрт құжаттан тұратын сұраныс жібереді. Министрлік онлайн форматта ол адамдардың осы қызметпен айналыса алатындығын растайтын сәйкес құжаттарды ұсынады. Біз бұл саланы ырықтандырсақ, екінші жағынан қатайтамыз. Құжаттарды қабылдау енді тек онлайн форматта жүзеге асырылатындықтан сәйкес емтихандар, әңгімелесу, тест өткізіледі, - деді Марат Қарабаев. 

Белгілі болғандай, «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы іске асырылған кезең ішінде энергияаудит бойынша 1,5 мыңға жуық іс-шара өткізілген. Энергияаудит Дүниежүзілік банк бөлген 20 млн доллардан астам қаражаттың бір бөлігіне жасалды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін вице-министр 10 жыл ішінде әлеуметтік нысандар электр энергиясын 25%-ға үнемдегені туралы айтқан болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы