Елде үш қытайлық танымал бренд зауыттарын ашады
Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, елдегі көлік компаниясы үш қытайлық автокөлік брендтерімен келіссөздер жүргізіп жатыр.
Huyndai компаниясымен бірігіп ең танымал қытайлық брендтер зауыттарын ашу үшін жұмыс жүргізіліп жатыр, - деп атап өтті ведомство басшысы Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін өткізген баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар ол жеңілдікпен көлікті несиелеуге сұраныстың көбейгеніне қатысты өз пікірін білдірді.
Бұл өте жақсы, өйткені біз машина шығаруды көбейтіп жатырмыз. Адамдардың да отандық көлік өндірісіне сұранысы артуда. Өзіміз шығаратын автокөлік көлемін әрі қарай ұлғайта беруіміз қажет, - деді министр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қайырбек Өскенбаев әр өңір үшін жол құрылысына арналған киім үлгілері жасалатыны туралы айтқан болатын. Сонымен қатар ол Бірыңғай базаның деректері жобалау және құрылыс кезінде басшылыққа алынатындығын алға тартты. Елімізде ғылымды, материалдардың электрондық базасын және жаңа технологияларды дамыту жолға қойылады. Мұндай тәжірибе АҚШ, Корея, Ресейде бар екендігін айтып, мысал келтірді.