Елде Құрылыс кодексі әзірленеді

Елімізде Құрылыс кодексі әзірленіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Марат Қарабаев Үкімет отырысында мәлімдеді.

Құрылыс кодексін әзірлеу мақсатында жұмыс тобы құрылып, кезеңдік іс-шаралары бар жол картасы бекітілді. Ірі салалық қауымдастықтардың шамамен 10 және салалық институттардың өкілдерімен бірлесіп Кодекс жобасының бірінші жобасы әзірленді. Жобаны осы айда біз қоғамдық талқылауға шығаруды жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Айтуынша, жыл соңына дейін әзірленген жобаны Мәжіліске енгізу жоспарлануда.

Тұтастай алғанда, құрылыс кодексі 4 заңды біріктіреді («Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу туралы», «Жеке тұрғын үй құрылысы туралы», «Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы») және 8 кодекске өзгерістер енгізуді көздейді. Өз кезегінде, құрылыс процесінің циклін жоспарлаудан пайдалануға дейін толық қамтиды, - деді Марат Қарабаев.

Айта кетейік, бұған дейін Қарабаев ауылда үй салған жұмыс берушілерге субсидия берілетінін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Егемен Қазақстан
Өзгелердің жаңалығы