Елбасының Жапонияға сапары бойынша бейнеролик жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР СІМ баспасөз қызметі Елбасының Жапонияға жасаған сапары бойынша қорытынды бейнеролик жариялады.



Қазақстанның Тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияның императоры Нарухитоның таққа отыруына арналған ресми шараға қатысу үшін Токиоға барған болатын.

Жапонияға барған сапарында Елбасы  Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездескен еді.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Жапония парламентінің Қазақстан Республикасымен достық лигасының төрағасы Такео Кавамурамен кездесіп, Жапония парламенттік достық лигасының екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған қызметінің нәтижелері жөнінде айтты. 

Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш президенті Жапония Үкіметінің "Архив-2025" бағдарламасы аясында техникалық көмек және ноу-хауды беру жөніндегі жобасымен танысқан болатын. Нұрсұлтан Назарбаевқа Цукуба университетінің Құрметті докторы атағы берілген еді. 

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш президенті мен Жапонияның премьер-министрі Корей түбегіндегі жағдай туралы пікір алмасты. Аймақтағы және әлемдегі басқа да қақтығыстарды бейбіт жолмен шешудің маңыздылығын атап өтті. 




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы