Елбасы дәрістері ЖОО-да оқытылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың әлемнің жетекші университеттеріндегі дәрістері» атты кітаптың баспа және электронды форматтағы тұсаукесері өтті.

Кітапқа Елбасының 1991-2018 жылдары оқыған дәрістері енген. Дәрістердің мазмұны ұлттық және әлемдік тарихтың маңызды оқиғаларын қамтиды. Онда өңірлік және жаһандық қауіпсіздіктің жаңа түсініктері мен қазақ мемлекеттілігінің құрылуы мен дамуы да жазылған. Жас мемлекеттің өңірлік және әлемдік деңгейдегі танылу жолы қамтылған. Басылымның жетекшісі - ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кеңсесінің басшысы, саяси ғылымдарының докторы, профессор Махмұд Қасымбеков. 

Елбасы кітапханасының басшысы Әмірхан Рахымжанов бұл кітапты Қазақстанның жоғарғы оқу орындарына табыстау үшін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке тапсырды. 

Бұл кітаптың электронды нұсқасы да бар. Ол әрбір профессорға, әрбір студентке жетеді. Бұл - ерекше құжат, -  деді Рахымжанов. 

Министр Аймағамбетов дүние жүзіне танылған саясаткер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының нәтижесінде білім және ғылым саласы үлкен жетістікке қол жеткізгенін айтты. 


Бүгін тұсаукесері болып жатқан дәрістер жиынтығында білім саласында жасалған барлық жұмыс пен мемлекет қалыптасуы туралы ақпарат бар. Бұл кітапты барлық ЖОО-ға таратамыз. Менің ойымша, жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламасы аясында бұл кітапты қолдануға болады. Сондықтан біз үшін бұл үлкен жұмыс әрі сенім, - деді Аймағамбетов. 


Елбасы кітапханасының басшысы осы жұмыстар бойынша жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру жолында бірге жұмыс істеуге дайын екенін айтты. 

Соңғы 2-3 жылдың ішінде ғалымдар 20-дан астам кітап шығарды. Көбі Елбасы кеңсесінің басшысы Махмұт Қасымбектің жетекшілігімен жарыққа шықты. Оны сіздерге тартуға рұқсат етіңіз, - деп Рахымжанов министрге кітаптарды табыстады. 

Айта кетейік, шара барысында Елбасы кітапханасы мен Білім және ғылым министрлігі меморандумға қол қойған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы