Экология министрлігі жемқорлыққа қарсы шараларды қолға алуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экология, геология және табиғат ресурстары министрлігінің Жауапты хатшысы Сәбит Нұрлыбайдың төрағалығымен минстрліктің және оған бағынысты аумақтық ведомтсволар қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кеңес өткізілді. 

Кеңес Экологиялық реттеу және бақылау, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі, Гелогия және су ресурстрары комитеттерінің, сонымен қатар Комитеттердің аумақтық департаменттерінің және инспекция басшыларының қатысуымен ВКБ арқылы өтті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Кеңесте заң қызметі департаментінің директоры М.К.Хайруллиннің «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдағы шаралары» жайлы баяндамасы тыңдалды.

Соңғы өз баяндамасында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімдеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреснің өз дәрежесінде еместігіне тоқталды, атап айтқанда 2019 жылдың шілдесімен 2020 жылдың тамыз айлары арасында 11 қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған (қызмет бабын асыра пайдалану, пара алу, заңсыз аң аулау, бюджеттен ақша ұрлау).

Жауапты хатшысы комитет төрағасының міндетін атқарушы Н.Жүнісовке, комитет қызметкерлері аралыснда сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күресті күшейту жайлы тапсырыс берді.

Сонымен қатар, кеңесте комитеттердің, аумақтық бөлімше басшыларының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі және «АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» жобасы кеңсесімен бірлесіп сыртқы талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жайлы жоспарының орындалу барысы тыңдалды.

Сонымен қатар, кеңесте министрліктің және оның аумақтық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін артырудың, ашықтықты қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғат ресурстары министрлігінің Жауапты хатшысы Сәбит Нұрлыбай, Комитеттердің және олардың аумақтық бөлімшелерінің басшыларына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жайлы жоспарының орындалуын қамтамасыз етуді және оның орындалуына формалды түрде қарамауды, сонымен қатар «АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» жобасы кеңсесінің және оның аумақтық филиалдарының азаматтармен өз ара әрекеттесу жұмысын күшейтуді тапсырды.

Қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық қылмыстары жасалған жағдайда, Комитет және аумақтық құрылымдық бөлімшелердің басшыларының жауапкершілігі қаралып, қызметтен босату жайлы шешім қабылданатындығын атап өтті.














Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы