Екібастұздағы кәсіпорында машинист қайтыс болды
Екібастұздағы кәсіпорында машинист қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға "Богатырь Көмір" ЖШС-інде болған.
Павлодар облыстық еңбек басқармасының мәліметінше, 3 мамырда өндіріс жұмыстары кезінде 1990 жылы туған машинист қайтыс болған.
Басқармаға кәсіпорыннан хабарлама түскен. Өлім туралы куәлікті алғаннан кейін тергеу жүргізу басталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ыстанбұл түркі әлемінің жастар астанасы атанды
Өзгелердің жаңалығы