14 Тамыз 2026, 13:22 Фото: ©BAQ.KZ архиві

Екібастұзда ұсталған ер адам полиция бөлімшесінде қайтыс болды

Павлодар облысы ДП Екібастұздағы полиция бөлімшесінде болған қайғылы жағдайды растады.

11 тамызда Екібастұз полицейлері тұрғын үй ауласындағы қоғамдық тәртіптің бұзылуы туралы шақырту бойынша жеткен. Павлодар облысы Полиция департаментінің мәліметінше, мас ер адам әйелді соққыға жығамын деп қорқытқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына келген полицейлер бұзақылық жасаған ер адамды ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Анықталғандай, ер адам бұрын сотталған және бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Полиция бөлімшесіне жеткізілгеннен кейін қызметкерлер оны арнайы бөлмеге орналастырған. Біраз уақыттан соң полицейлер оны ес-түссіз күйде тапты.

Құқық бұзушы арнайы бөлмеге орналастырылды. Біраз уақыттан кейін ол ес-түссіз күйде табылды. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, ер адам қайтыс болды. Бейнежазбалар тәркіленді, - деп хабарлады Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда полиция бекетінде әйелдің мәйіті мен ес-түссіз полицей табылғанын хабарладық.

Қарағандыдағы аталған резонансты іс, яғни қыздың мәйітімен бірге табылған полицей комадан шыққаны жайлы да жаздық.

Сонымен өатар, ІІМ басшысы Қарағандыдағы полиция пунктіндегі қыздың қазасына қатысты пікір білдірді. 

Қыздың мәйітімен бірге табылған полицей комадан шыққанын да жаздық.