Екібастұзда тұрғын үйлерді жылудан ажырату жоспарда жоқ

ЖЭО-да бес қазандық агрегаты жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС бас директорының м.а. Дмитрий Захаров 8 қаңтар, жексенбі күнгі жылумен жабдықтау жағдайы туралы баяндады.

Оның айтуынша, сыртқы ауа температурасы +3 °C, жылу желілерінің температурасы 78 °C, кері айналым 56 °C құрайды.

Жылу желілері бойынша анықталған зақымдарды қоспағанда, бүгінде орамішілік және магистральдық желілерді ажырату жоспарланбаған, – деді Дмитрий Захаров. – Жылу тасымалдағыштың шығыны – 12522 тонна,  жылу желілерін толтыру – 470 тонна.

9, 11,12, 14 және 15 нөмірлі қазандық агрегаттары жұмыс істеп тұр, қалғандарында регламенттік және жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 7 қаңтарға қараған түні Екібастұз ЖЭО-да штаттан тыс жағдай орын алды. Жұмыс істеп тұрған алты агрегаттың үшеуі кезекпен тоқтатылды. Станцияның жөндеу бригадасы жағдайды жедел пысықтап, таңертең олардың екеуін іске қосты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы