Екібастұзда суға батып кеткен жасөспірімнің денесі төрт күннен кейін табылды

Екібастұз қаласына қарасты Солнечный кентіндегі Шандақсор жасанды су қоймасында суға батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды. Бұл туралы Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2009 жылы туған бала 4 шілде күні тыйым салынған аумақта шомылып жүрген кезде суға батып кеткен. Құтқарушылар оның денесін 8 шілде күні таңертең оқиға орнынан шамамен 500 метр жерден тапты.

Екпінді жел мен көлдегі үлкен толқындар іздеу жұмыстарын қиындатты. Соған қарамастан, сүңгуірлер тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеді, - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Еске салайық, жасөспірімнің жоғалып кеткені туралы хабар түскен бойда іздестіру жұмыстары басталған болатын. Оқиға балалардың шомылуға рұқсат етілмеген аумақта жүргенін көрсетіп отыр.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды балалардың қауіпсіздігіне мұқият болуға және тек ресми шомылуға рұқсат етілген орындарды таңдауға шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы