15 Шілде 2026, 12:27 Фото: видеодан скриншот

Екі жасар баланың басы подъездегі баспалдақтың теміріне қысылып қалды

Ақтөбеде ТЖМ қызметкерлері балаға көмектесті.

Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы Қарғалы тұрғын алабында құтқарушылар екі жасар балаға жедел көмек көрсетті.

Белгілі болғандай, 2023 жылы туған бала ойын кезінде басын баспалдақ қоршауындағы темір шыбықтардың арасына тығып алып, өздігінен шыға алмай қалған.

Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу аттанды. Арнайы авариялық-құтқару құралдарын пайдалана отырып, құтқарушылар темір шыбықтарды абайлап ажыратып, баланы босатты. Бала зардап шеккен жоқ және ата-анасына тапсырылды, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Жезқазғанда бүлдіршін ойын алаңындағы темір торға қысылып қалды

Тағы оқи отырыңыздар: 

Балалардың әткеншегіне отырған келіншек көмек сұрады