"Екі техника өртенді. Тракторшы табылмай жатыр". Әкім өрт туралы

Бұл туралы Үкімет отырысында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Әкім облыстағы қазіргі ахуал туралы айтты. Айтуынша, қазіргі таңда өрттің жалпы ауданы 60 мың гектарға жетті. Оның 43 мың гектары жергілікті елді мекенге қаупі жоқ.

Облыста жұмыстар екі бағытта жалғасуда. Батыста өртті тоқтату үшін 300-ден астам жеке құрам, 30 астам бірлік техника, екінші бағытта 200-ден астам жеке құрам және 40-тан астам бірлік техника жұмыс атқаруда. Жалпы өртті жоюға 1532 адам, 321 техника және 14 тікұшақ жұмылдырылды. Техниканың жанармаймен қамту үшін әкімдік 20 тонна отын бөлді, - деді Ұранхаев.

Оның айтуына қарағанда өрт салдарынан 2 техника өртенген. Өрттің түтінен уланған екі қызметкердің жағдайы жақсаруда. Жоғалған тракторшы Сергей Архиповты іздеу жалғасуда. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Абай облысында өрт кезінде жоғалған орманшының тракторы табылды.

Сонымен қатар Премьер-министр Әлихан Смайылов Абай облысындағы ірі табиғи өртті жою және одан зардап шеккен отбасыларға қажетті қолдау шараларын көрсету мәселелері жөнінде жедел кеңес өткізді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы