23 Шілде 2026, 09:25
Фото: James Giahyue/ Reuters
Эболадан қайтыс болғандар саны мыңнан асты
ДДҰ мәліметіне сәйкес, екі елде жалпы 501 адам дерттен сауығып шыққан.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Конго Демократиялық Республикасында Эбола індетінен 999 адам көз жұмған.
Сондай-ақ Угандада аурудан қайтыс болған тағы екі жағдай тіркелді.
Зертханалық жолмен Конго Демократиялық Республикасында 2 473, ал Угандада 20 адамның Эбола вирусын жұқтырғаны расталған.
Бұдан бөлек, Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусын жұқтырды деген күдікпен 322 жағдай тіркелген.
ДДҰ мәліметіне сәйкес, екі елде жалпы 501 адам дерттен сауығып шыққан. Ал аурудың өлім-жітім көрсеткіші шамамен 40 пайызды құрайды.
Айта кетейік, бұған дейін Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 2 мыңнан асқаны хабарланды.