Дженнифер Лопестің концертіне қанша турист келеді?

Әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертіне 10 мыңнан астам турист келетіні белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Kazakh Tourism ҰК» АҚ жобаларды сүйемелдеу департаментінің директоры Алишер Тұрсын Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Дженнифер Лопестің концерті көпшіліктің тарапынан шын мәнінде қатты қызығушылық тудырып отыр. Астанаға 10 мыңнан астам, Алматыға 8 мыңнан астам көрермен мен турист келеді деп күтілуде, - деп атап өтті Алишер Тұрсын.

Айтуынша, мұндай ауқымдағы концерт халықаралық тәжірибеге сәйкес, шағын және орта бизнеске қосымша табыс әкеледі.

Халықаралық тәжірибе тұрғысынан алып қарасақ, әсіресе Батыс Еуропа мен Ұлыбританияда 10 мыңнан астам адамға қойылатын концерттер шағын және орта бизнес үшін қосымша табыс әкеледі, - деді спикер.

Еске салайық, Дженнифер Лопестің концерті биыл 1 тамызда Астанада өтеді.

Сондай-ақ Астанадағы концерттен әлемдік жұлдыздың қанша пайда табатыны айтылды. 

Мегажұлдыздың концертіне билет сатылымы басталған соң жалған билеттерді сату деректері анықталды. Кейіннен 10 тамызда Алматыда Дженнифер Лопестің екінші концерті өтетіні белгілі болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Фото: instagram.com/jlo
Өзгелердің жаңалығы