ДСМ: Шілдеде коронавирустан 3 адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

Әлемде індеттің өсуімен қатар елімізде де 20 маусымнан бері коронавирус инфекциясын жұқтырудың көбеюі байқалып отыр. 

Соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттану 8156 жағдайдан 15503 жағдайға дейін, нақтырақ айтқанда, 1,9 есеге өсті. Тәулігіне коронавирустың расталған саны (КВИ+) 2700 жағдайға дейін, ал коронавирустың расталмаған саны (КВИ-) 20 жағдайға дейін тіркелуде. 27 шілдеде коронавирустың расталған жағдайы бойынша (КВИ+) 1 338 090 науқас және коронавирустың расталмаған жағдайы бойынша 89 446 науқас тіркелді, - деп атап өтті вице-министр.

Айтуынша, көктем шыққалы вирустан қайтыс болған жағдайлар болған. 

Наурыз айынан бастап өлім-жітімнің бірлі-жарым жағдайы тіркелуде. Шілде айында КВИ-мен ауырған  3 науқас (2-КВИ+ және 1 – КВИ-) қайтыс болды, - деді Айжан Есмағамбетова. 

Еске сала кетейік, бұған дейін ведомство өкілі коронавирустың Кентавр субнұсқасы туралы айтқан болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Егемен Қазақстан
Өзгелердің жаңалығы