Досаев келесі премьер-министр бола ма? - өзі жауап берді
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев өзінің "премьер-министр болуы мүмкін бе" деген сыбысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, Алматыны дамыту жоспары бар. Қазіргі жұмысты істеу - басты мақсат.
Маған өз жұмысым ұнайды. Ол өзінше бір шығармашылыққа толы, туған қаламды дамыту бойынша жұмысымды жалғастырғым келеді. Тағайындауға қатысты сұрақ сарапшылардың да, менің де құзыретімде емес. Үкімет те, әкімдер де өз жұмысын істеп жатыр. Әркім өз деңгейінде. Ол дұрыс деп ойлаймын. Менің жұмысыма қызығушылық танытқандарыңызға рақмет. Бірақ әзірге кемінде алдағы екі жылда қаланы дамыту бойынша жұмыс істегім келеді, - дейді Алматы қаласының әкімі ОКҚ-да.
Бұған дейін қала әкімі журналистерге неге сұхбат бермей жүргенін түсіндірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Досаев қызметке келгелі бері сұхбат бермегенін айтты
Өзгелердің жаңалығы