Доллардың күрт өсуіне байланысты бюджет қайта қарала ма?

Валюта бағамының өзгеруіне байланысты бюджет қайта қаралуы мүмкін. Бұл туралы базалық мөлшерлеме бойынша өткен брифингте Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл жөнінде Ұлттық экономика министрлігімен және Қаржы министрлігімен сөйлесеміз. Жылдың соңына бір ай қалды. Сондықтан 2025-2026 жылғы бюджет туралы ақылдасамыз, - деді Тимур Сүлейменов.

Бұған дейін Ұлттық банк Президенттің тапсырмасын орындай алмайтынын айтқан еді. Банк басшысына "Екі жыл бұрын Президент 2025 жылға дейін инфляцияға 3-4 пайызға деңгейіне жеткізу керек деп еді. Ол тапсырманы орындау мүмкін бе, әлде мүмкін емес пе?" деп сұрақ қойылған еді.

Еске салайық, бүгін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15.25-ке дейін көтерді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы