Доллар тағы қымбаттады: Теңге бағамы қай деңгейге жетті?
KASE-дегі күндізгі саудада доллар бірден 3 теңгеге жуық қымбаттады. Сарапшылар назар аударған жаңа бағам мен айырбастау бекеттеріндегі жағдай қандай?
28 шілдеде Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сағат 15:30-дағы сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 476,75 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,99 теңгеге жоғары.
Сонымен қатар өзге валюталар бойынша да өзгерістер тіркелді.
Ресей рублінің бағамы 6,09 теңгеге жетіп, 0,01 теңгеге өсті.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 70,15 теңгені құрап, 0,50 теңгеге қымбаттады.
Ал еліміздегі айырбастау пункттерінде долларды 474-477 теңгеден сатып алып, сатып жатыр. Еуроның бағамы 538,4-543,5 теңге аралығында болса, Ресей рублі 5,64-5,77 теңге аралығында саудалануда.
Еске салайық, бүгін таңертең Қазақстан Ұлттық банкі АҚШ долларының ресми бағамын 473,40 теңге, еуроны 539,39 теңге, ал Ресей рублін 6,07 теңге деңгейінде белгілеген болатын.
Осылайша, күндізгі биржалық сауда қорытындысында доллардың бағамы Ұлттық банк белгілеген ресми бағамнан жоғары қалыптасты.
Тағы оқи отырыңыз: Доллар қымбаттады: Ұлттық қордан тағы жүздеген миллион доллар сатылады