Дмитрий Попко Аргентинадағы турнирдің финалына шықты
Буэнос-Айресте (Аргентина) Челленджер сериясындағы турнирі (топырақ төсеніші) өтіп жатыр. Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко жекелей сында жартылай финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Дмитрий Попко (417 ATP) бразилиялық Жоао Фонсеканы 6:2, 6:4 есебімен еш қиындықсыз ұтты.
Кездесу 1 сағат 26 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Дмитрий Попко екі эйс пен төрт қос қателік жасады және сегіз брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.
Қазақстандық теннисші шешуші ойында Перу өкілі Гонсало Буэноға (415 ATP) қарсы ойнайды.
Айта кетейік, екі ойыншы да іріктеу арқылы финалға дейін жетіп отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Апат болған Костенко шахтасында көмір өндіруге тыйым салынды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы