Діни араздықты қоздырды: Мұхаммед пайғамбарды қорлаған ер адам сотталды
Әлеуметтік желідегі жазбаларға байланысты қозғалған іс аяқталды. Сот қандай жаза тағайындағанын оқыңыз.
Петропавл қаласында діни араздықты қоздыру ісі бойынша сот үкімі шықты. Бұл іс бойынша 50 жастағы Арман Ахметовке қатысты қылмыстық іс қаралды.
Тергеу нұсқасына сәйкес, айыпталушы әлеуметтік желілерде бірнеше рет діни араздықты қоздыруға бағытталған жарияланымдар жасаған. Атап айтқанда, ол ислам дініне қатысты арандатушылық сипаттағы пікірлер айтып, Мұхаммед пайғамбарды қорлайтын сөздер жариялаған.
Сот барысында айыпталушының мүддесін екі адвокат қорғады. Қорғау тарапы қосымша соттық дінтану сараптамасын тағайындауды сұрағанымен, сот бұл өтінішті қанағаттандырмады.
Сондай-ақ іс қарау кезінде Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы айыпталушымен процестік келісім жасау туралы ұсынысты қабылдамаған.
Сот Арман Ахметовті діни араздықты қоздырды деп танып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін де Ақтөбе қаласында осыған ұқсас жағдай болған еді. Домбыраны "ібілістің мүшесіне" теңеген ер адам сотталып, оған қатаң жаза кесілген еді.
- Қазақстан шахмат Олимпиадасын екі ірі жеңіспен бастады 21:18
- Мемлекет басшысының тапсырмасымен Арман Қырықбаев Тэджондағы генерал Хон Бом До мемориалына барды 20:58
- 3 млн теңге болатын асыл тұқымды жылқыны ұрлаған ер адам ұсталды 20:48
- Қазақстан-Корея серіктестігі жаңа экономикалық мүмкіндіктерге жол ашады – сарапшылар пікірі 20:46
- FlyDubai Қазақстан мен БАӘ арасында жүк рейстерін іске қосады 20:30
- «Тыңдап тұрсың ба, мен тергеушімін»: Шымкентте өзін полицей ретінде таныстырған қыз анықталды 20:11
- Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы жолаушылар паромын Каспий теңізіне қайта қосу жоспарлануда 19:59