Діндер съезі: "Астана бейбітшілік декларациясы" қабылданды

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінде "Астана бейбітшілік декларациясы – 2025" қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Съез хатшылығының жетекшісі, Сенат спикері Мәулен Әшімбаев съез аясындағы барлық кездесулер діндердің ортақ міндетін айқындап бергенін айтты.

Ол – өзара құрмет пен сенімді нығайта отырып, үйлесімді әрі өркендеген әлем құруға атсалысу.

Съездің тұжырымдамалық идеялары мен ұсыныстары оның қорытынды декларациясында көрініс тапты. Қатысушыларға декларацияның жобасы ұсынылып, ол жұмыс тобында және Хатшылық отырысында жан-жақты талқыланды. Түскен ұсыныстар ескерілді. Біз декларацияның негізгі қағидаттары мәдениетаралық және дінаралық диалогты нығайтуға жаңа серпін беріп, заманауи әлемнің негізгі сын-қатерлері мен проблемаларына жауап табуға ортақ ұстаным қалыптастыруға негіз болады деп сенеміз, – деді Мәулен Әшімбаев.

Декларацияда сондай-ақ келесі IX Съездің мерзіміне қатысты ұсыныстар енгізілген. Оған сәйкес, келесі жиынды 2028 жылы Қазақстан астанасы – Астанада өткізу жоспарланып отыр.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінің Декларациясы қабылданды деп жариялауға рұқсат етіңіздер, – деді Сенат спикері.

Белгілі болғандай, келесі діндер съезі 2028 жылы Астанада өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы