3 Қыркүйек 2026, 15:50 Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайберген Президент сыйлаған тазысын көрсетті

Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында Президент сыйлаған тазысын көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін - қазақ тазысы күні. Сіздермен бірегей кадрлармен бөліскім келеді. Бірінші суретте - бәріміз жақсы көретін тұлпар Ақжанның әкесімен бірге түскен сәтім. Мемлекет басшысының тұлпарымен серуендеп қайту мен үшін үлкен мәртебе болды, - деп жазды әнші. 

Сонымен қатар ол өзінің тазысына қатысты ерекше оқиғасы бар екенін жазды. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оған тазы сыйлағанын да атап өтті.

Екінші суретте менің қасымда Мемлекет басшысының Нэнси және Наурыз атты тазылары. Менің тазымен ерекше оқиғам бар. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы маған тазы сыйлаған болатын. Мен оған Ғарышкер деп ат қойдым. Осы бірегей кадрлар үшін Президент Телерадиокешеніне алғыс айтамын, - дейді Димаш. 

Айта кетейік, 3 қыркүйек – Қазақы тазы күні

Осыған дейін ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров бұл күннің маңызына тоқталып, қазақы ит тұқымдарын сақтау – ұлттық мұраны сақтау екенін айтты

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)