Диктатор кетсін! – Тегеранда жаппай наразылық акциялары өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тегеранда украиналық Boeing 737-800 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты үкіметке қарсы акциялар басталды.
"Настоящее время" хабарлауынша, наразылық шаралары Ислам революциясының қорғаушы корпусы (КСИР) жолаушылар лайнеріне оқ жаудырғаны үшін жауапкершілікті толық өзіне алғаннан кейін басталған.
Негізінен студенттерден құралған жүздеген адам Тегерандағы бірнеше университет ғимаратының алдында апат салдарынан қаза тапқандарды еске алу үшін жиналды. Олар ұшақтың апатқа ұшырауына кінәлілерді жазалауды және қызметінен босатуды талап етті.
Кейіннен наразылық білдірушілер Ислам революциясы корпусы мен Иранның рухани көшбасшысы Али Хаменеиді сынап, ұрандата бастады.
Айта кетсек, 8 қаңтар күні Тегераннан Киевке бет алған Украина халықаралық авиациясына тиесілі PS752 рейсі көкке көтерілісімен екі минут өткенде апатқа ұшыраған болатын. Өкінішке қарай, апат салдарынан бортта болған 176 адамның ешқайсысы тірі қалмады.
Бейбіт демонстранттарға қарсы шаралар да, интернет өшіру де болмауы керек. Әлем бақылап отыр, - деп жазды ол кейінірек Twitter-дегі парақшасында.
Бұған дейін, Иран әуежайы Тегеран маңындағы украиналық ұшақ апатының себебін түсіндірді. Олар Тегерандағы жолаушылар ұшағының құлауына қозғалтқыштан шыққан өрт себеп болғанын мәлімдеді. Алайда, 11 қаңтар күні Иран Украина ұшағын байқаусызда атып құлатқанын мойындады.
Сонымен қатар, Иран президенті Украина халқынан кешірім сұрады. Украина билігі қаза тапқандардың отбасыларына төленетін өтемақы сомасын белгіледі.