«Дикий Арманды» қамау мерзімі 7 маусымға дейін ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзартылды.

4 сәуірде Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 2022 жылдың 7 маусымына дейін ұзартты, - деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті ұстады.

Бас прокуратура 7 ақпанда ол қандай қылмыс үшін ұсталғанын айтып берді. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы